2013 жылы АҚШ-тың құпиясын шашқан Эдвард Сноуденнің әңгімесі күллі әлемге танымал оқиға. Бүгінде Мәскеу жағынан қорғалып отырған Сноуден жақында ғана АҚШ пен Жапонияның бірлескен сұрқиялығын ашқаны белгілі. Дегенмен, жақында ғана АҚШ үкіметі аса маңызды құпиялықтарды ұрлаушы тағы бір құпия шашқышты тұтқынға алды. Ең қызығы, қолды болған айлакер АҚШ Мемлекеттік қауіпсіздік мекемесімен байланысы бар кәсіпорындарының бірінде қызметкер болып шықты. Бұл туралы «Шинхуа»-ның ресми сайты хабарлайды.
АҚШ Әділет министрлігі 5 маусым күні Федералды үкіметтің Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мекемесіндегі бір қызметкер, белгілі бір ақпараттық медиаға аса құпия материалдарды жіберіп берді деген айып тағылғанын мәлімдеді.
3 маусым күні АҚШ Федералдық барлау мекемесі (FBI) Георгия штатындағы Огаста (Augusta) қаласынан 25 жастағы Лилли Виннерді (Reilly Lilly Winner) тұтқындаған. Виннер биыл ақпанда халықаралық «Коллекция групқа» жұмысқа шақырылған. Ең жоғары қауіпсіздік органдарының тексеруіне қарағанда, ол биыл 5 мамырда аса құпия материалдарды белгілі бір ақпарат медиасына шығарып берген. Алайда, аталған медиалық орталықтың бұл материалдарды тапсырып алған, я алмағаны жөнінде қазірше ресми мәлімет жоқ. Дегенмен, барлаушы Джастин Гаррик сотқа тапсырған жазбаша баяндамасында, бұл әйел аталған медиамен электронды почта арқылы байланыста болған. Құпия құжаттарды 5 мамырда жолдаған деп көрсетті.
Ал, 3 маусым күні Виннер өзінің құпия құжаттарды көбейтіп алмақшы болғанын және өткермелегенін мойындады. Бір қызығы күдікті әйел жұмыс істейтін орын Виргиния штатында тұратын, АҚШ Федералды үкіметінің Қорғаныс және Қауіпсіздік, Құпия байланыс салаларына жоба жасау, Талдау жүргізу, Нысандарды басқару қатарлы маңызды жұмыстарын үстіне алған шағын кәсіпорын болып шықты.
Әлемдік ақпарат көздері бұл істі жарыса жариялауда. Аса маңызды құжатты қолға түсірген медиа орталығының «Мерген» атты сайты. Сайттың құрушысы Ұлыбританияның «Қорған» басылымының бұрынғы ұсыныс етілген авторларының бірі Гланн Глиньволд ( Glenn Greenwald). Ол атышулы Сноуденнің оқиғасын жариялаған алғашқы адам дейді әлемдік басылымдар.
5 маусым күні «Мерген» сайты одан бір ай бұрынғы атап айтқанда 5 мамыр күнгі АҚШ Қауіпсіздік мекемесінің бір қатар мәліметтерін жария еткен.
Былтырғы АҚШ президент сайлауының алдында Ресей хакерлері желі арқылы сайлау деталдарына шабуыл жасап, жүзден астам орындағы сайлау жұмыстарына кедергі келтіріп , статистикалық мәліметтерді ұрлаған дейді ақпарат көздері.
Ал, АҚШ жақ ол кезде сайлау ісіне аз кедергілер болғанымен, ауыр ықпал жасай қоймады дегенді айтумен болған. Бірақ, Виннердің оқиғасы Дональд Трамп президент болғалы бері желі арқылы жасалған ұрлыққа қатысты алғашқы аса маңызды іс болып отыр.
«Мерген» сайты болса тосын келген бұл маңызды құпия құжат туралы АҚШ Қауіпсіздік мекемесіне өздері мәлім еткен.
Ал, Ресей президенті Владимир Путин өткен жылғы АҚШ президент сайлауына шабуыл жасады деген айтылымды терістеп отыр. 4 маусым күні АҚШ-тың мемлекеттік радио қызметінің сұхбатын қабылдағанда: «Хакерлерде тұрақты мекен болмайды. Ол Ресейден, Азиядан, Америка құрлығынан немесе Латын-Америкасынан келуі, керек болса, АҚШ-тың өзінен шығуы да мүмкін. Олардың айлакерлігі сондай, енді келіп, шабуылды Ресейге итере салып отыр», – дейді, Р Ф-ның президенті.
Әділет Ахметұлы