Францияның Ұлттық киберқауіпсіздік агенттігі (ANSSI) ескерту жасап, Қытаймен байланысы бар деп табылған APT31 хакерлік ұйымы көптеген француз ұйымдарына қарсы шабуылын жалғастырып жатқанын мәлімдеді.
Француздың аталған агенттігі мәлімдемесінде, «Қазіргі уақытта ANSSI көптеген француз субьектілеріне әсер ететін ауқымды шабуылдарға қарсы әрекеттеніп жатыр. Кибер-шабуылдар жалғасуда, әсіресе APT31 ұйымынан келетін шабуылдардың қатері басым тұр», – деп мәлімдеген.
APT – ағылшын тіліндегі advanced persistent threat деген сөзден қысқартылған. «жетілген және ұзақ мерзімдік қауіп» дегенді білдіреді. Киберқауіпсіздік саласындағы мамандардың зерттеу қорытындысына сәйкес APT31 хакерлік ұйымы Қытаймен байланысы бар. APT40 деп аталатын тағы бір хакерлік топтың да Қытаймен қатысы бар екені бұған дейін де айтылып келген.
Дүйсенбіде, АҚШ, Британия, Аустралия, Канада және Еуроодақ пен НАТО бір ауыздан Қытай Ұлттық қауіпсіздік министрлігінің көптеген елдердің кибер нысандарына ауқымды шабуыл жасау үшін кибер қылмыстық топтарды қолдағанын қатаң айыптаған болатын.
Францияның Ұлттық киберқауіпсіздік агенттігі де аталған APT31 және APT40 хакерлік топтарының артында Қытай Ұлттық қауіпсіздік органы тұр деп мәлімдеді. Ал, дүйсенбі күні АҚШ Әділет департаменті Қытай Ұлттық қауіпсіздік министрлігінде жұмыс істейтін 4 қызметкерді жаһандық кибер қылмыстық әрекеттерге қатысты деп айыптады. Сондай-ақ, айыпталған қытайлық төрт азамат APT40 ұйымына қызмет істегені туралы айтылған.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер