«Ислам мемлекеті» ұйымы Лондондағы террорлық шабуылды өз үстіне алды. Әрі бұл шабуылдың рамазан айына орай жасалғанын айтты. «Ислам мемлекетінің» ақпараттық агенттігі «Амақ»-тың таратқан хабарында бұл реткі лаңкестік шабуылды «құпия топ» деп аталатын арнаулы жанкештілердің орындағанын айтты. Бұл туралы "The Wall Street Journal" басылымы хабарлап отыр.
Рамазан айы 26 мамырда басталды, ал содан бері қарай «Ислам мемлекеті» ұйымының мүшелері мен оны жақтаушылар әлеуметтік медиаларда хабарлама таратуды бастап кетті. Бұл хабарлар арқылы әр елде жасырынған жанкештілерді шабуыл ұйымдастыруға желіктірді.
Өткен аптаның жұма күнінде де аталған ұйымға мүше немесе оларды қолдаушы жақтастары әлеуметтік желіде желіктіру мағынасындағы плакаттар таратты. Жанкештілерді АҚШ пен Еуропаның бейбіт тұрғындарына шабуыл жасауға шақырды. Олардың мазмұны дәл Лондонда кеше ғана туылған лаңкестік шабуыл әрекетіне ұқсайды. Желіктіру сөздерінде пышақтау, автокөлікпен адамдар тобына шабуылдау, жүргіншілерге шабуыл жасау сынды сөздер бар.
“The Qazaq Times”

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?