2017 жылғы Жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес Қазақстан Қарулы күштерінің жазғы оқыту кезеңі  1-9 маусым аралығындағы жауынгерлік әзірлік жоспарына сәйкес дайындық мәселелері бойынша тактикалық-саптық сабақтармен басталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды.

Барлық әскери бөлімдер мен құрамаларда оқутудың жаңа кезеңі сапқа тұраудан басталып шара салтанатты түрде жаңа келген әскери қызметшілерге атыс қаруын тапсыру, әскери техниканы меңгеруге жалғасады.
Оқытудың алғашқы аптасында жаңа келген әскерилердің әзірлік деңгейін қадағалайды. Онан кейін жауынгерлік оқутудың жазғы кезеңі ресми түрде басталалып осыған байланысты іс-шаралар алып барылады.
2017 оқу жылының жазғыоқыту кезеңінде ҚР Қарулы Күштерін даярлау іс-шаралары мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді және өткен оқыту кезеңінде қол жеткізген жауынгерлік оқудың нәтижелерін ескере отырып жоспарланған.
Әскери ведомствоның басшылығы «Қарулы Күштердің 25 жылдығына – жоғары жауынгерлік дайындық!» атты осы жылғы жауынгерлік сайыстың ұраны өз мазмұнын ақтайтынына және Қазақстанның Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің жеке құрамы оны сапалы көрсеткіштермен аяқтайтынына сенімді.

“The Qazaq Times”