АҚШ-тың көптеген штаттары Федералдық үкіметтен тәуелсіз саясат ұстанатындарын жария етте. АҚШ президенті Дональд Трамп «Париж климат келісімінен» бас тарту шешімін қабылдауынан бір күннен кейін, Американың көптеген штаттары мен қалалары Федералдық үкіметтің климат саясатынан тәуелсіз, өздерінің орта қорғау ұстанымдарында берік тұратындықтарын жария етті. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымы хабарлап отыр.
Климат және энергетикалық шешімдер орталығының мәліметі бойынша, АҚШ-тың 20 штаты мен Уашингтон қаласы дербес өздерінің парниктік газдар шығарындыларын тежеу саясатын ұстанатын болып шешкен. Ал, кейбір штаттар АҚШ-тың «Париж климат келісімін» атқаруын өтініш етті. Парижде қол қойған келісім бойынша АҚШ 2025 жылға жеткенде, парниктік газдар шығарындыларын 2005 жылға салыстырғанда 26-28 пайызға азайтатын болып уәде еткен болатын.
Калифорния губернаторы Жерри Броун қазір федералдық үкіметті ұялтатын өздерінің климатты жылудан қорғау стандартын жолға қойып отыр. Тіпті халықаралық климатты оңау шарасына көшбасшылық етуге де әзір. Өзге штаттарды климатты жылудан қорғау тақырыбы бойынша мәмілеге шақырмақ. Ол талқыда Обама үкіметі кезіндегі парниктік газ шығарындыларына деген неғұрлым қатаң ережені насихаттамақ.
Бейсенбі күні Трамп Ақүйде аталмыш шешімді жария еткеннен кейін, Броун, Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомодан, Вашингтон губернаторы Джей Инслий қатарлылар хабарлама жариялап жаңа мемлекеттік кеңес құруды ортаға салды. Сол арқылы АҚШ үкіметінің «Париж климат келісіміне» сай парниктік газдардың шығарындыларын тежеу туралы ереже жасауы керек деген ұран көтерді.