АҚШ президенті Трамп өзінің Twitter парақшасында уәде еткеніндей, АҚШ жергілікті уақытымен бейсенбі түстен кейін «Париж келісімі» жөніндегі өз ұстанымын жария етті. АҚШ президентінің жария еткен шешімі БАҚ-тың алдын ала болжамымен бірдей болып шықты. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп Ақүйдің «Раушан гүлі саябағында» бүкіл әлемдік климаттың жылыну мәселесі жөніндегі «Париж келісімінен» бас тартатындығын жария етті. Бұл келісімге Құрама Штаттың бұрынғы президенті Барак Обама тұсында қол қойып, келісім берген болатын.
АҚШ-тың сол кездегі үкіметі 2025 жылға барғанда парниктік газдардың шығуын 2005 жылмен салыстырғанда 26-28 пайыз азайтамыз деп уәде еткен еді. Бірақ, Трамп таққа келісімен бұл туралы ұзақ ойланды деуге болады. Ол АҚШ экономикасына тың даму тебінін беруді көздеп, өзінің қолайына жақпаған бірқатар халықаралық ұйымдардан бас тартты. Жер шары климат өзгерісінінің алдын алу үшін 190 елдің басшылары Франция астанасында бас қосып, «Париж келісіміне» қол қойған болса да, Обаманың АҚШ атынан берген уәдесін президент Трамп өз кезегінде орындамайтынын айтып отыр.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді