Қазақстанда бос жатқан жерлер жайындағы ақпаратты ашық ұстау керек деді ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәжілісте өткен дөңгелек үстелде.
Бүгін мәжілісте өткен "ақпараттың ашықтығы" жайындағы дөңгелек үстелде Андрей Кравченко«Біз жақында халыққа бос жатқан жерлер жайындағы ақпарат қаншалықты қол жетімді екендігін тексеріп көрген едік. Тексеру барысында «Азаматтарға арналған үкімет» ресми интернет-ресурсын қарап шықтық. Онда бос жатқан жерлер жөнінде ешқандай ақпарат жоқ. Тек қалалардың, аудандардың жер кадастрлік схемалары ғана көрсетілген. Бос жатқан жерлер жайындағы ақпаратты тек хат жолдау арқылы ғана ала аласыз. Біздің ойымызша бұл жерде шет елдердің тәжірибесін пайдалануға болады.» деді.
Кравченконың айтуынша Әзербайжан билігі жыл сайын халқына бос жатқан жерлер жайында ақпарат тарататын көрінеді. Ал Белоруссия алдағы уақытта бос жатқан жерлерге байланысты электронды карта жасап шығармақшы екен.