Франция халқы жанармайсыз қалды деп хабарлайды Түркия ақпарат құралдары. Көптеген жанармай бекеттерінде жанармай таусылып, қоғамдық көліктердің де жүруі қиындап отыр. Бұған 26 мамырдан бастап жұмыс тастау науқанын ұйымдастырған жанармай тасушы көлік жүргізушілері себепкер болып отыр.
Жұмыс шартының ауырлығына наразы болған Франциядағы жанармай тасушы көліктерінің жүргізушілері 26 мамырдан бастап жұмыс тастаған. Соның салдарынан ел бойынша 241 жанармай бекеті уақытша жұмыс тоқтатуға мәжбүр болып отыр. 372 жанармай бекетінде сатылатын жанармай таусылу алдында.
Жанармай таусылған орындар тапсырысының жеткізілуін күтуде. Ал жанармай бар бекеттердің бәрінде ұзыннан ұзақ кезектер ел тұрғындарының наразылығын қозғауда. Жүргізушілердің талабы үкімет жағынан қолға алынып отыр.