"Самұрық-Энерго" АҚ-ның 2016 жылғы таза табысы 18,4 млрд теңгені құрады. Ал енді салыстырып көріңіз: 2015 жылы компанияның шығыны 77,4 млрд теңге болған. Бұл жөнінде компанияның халықаралық қаржылық есеп стандарттары жөніндегі есебінде айтылған.
Салық төлегенге дейін компанияның табысы 22,4 млрд теңге болған. Ал 2015 жылы салық төленгенге дейін 78,8 млрд теңгеге шығын болған. Бұл жылы жалпы табыс 22%-ға немесе 45,184 млрд теңгеге дейін азайған. Түсім 1,4%-ға, 181,310 млрд теңгеге дейін төмендеген.
Компанияның активтерін 2016 жылы 2,2%-ға, 1,049 трлн теңгеег дейін көбейіпті, ал жеке капитал 7,1%-ға немесе 516,596 млрд теңгеге дейін өскен. Ұзақмерзімді қаржылық міндеттері 48%-ға, 280,819 млрд теңгеге дейін төмендесе, қысқамерзімді міндеттер 54%-ға, 251,632 млрд теңгеге дейін өскен.
Айта кетейік, бұған дейін "Самұрық-Энерго" АҚ өзінің 100% иелігіндегі активтерінің бірі - "Шығыс Қазақстандағы өңірлік энергетика компаниясы" АҚ сатылымға шығаратыны туралы хабарланған. "Самұрық-Энерго" сауда арқылы 710 756 қарапайым акциялары мен 45 865 артық акцияларын сатпақшы. Актив бойынша сауда 9,5 мдрд теңгеден басталатын болады.