Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаевты қамау мерзімі маусым айының соңына дейін ұзартылды. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайты хабарлады.
Соттың жарлығымен қордың басқарма төрағасы Руслан Ерденаев, БЖЗҚ тәуекелдерін басқару департаментінің қаржылық тәуекелдерін басқарушы Мұса Бақытов, «АлатауМунайАлтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаев және «БузгулАурум» ЖШС директоры Азат Найзағарин 6 айға дейін, яғни 2017 жылдың 28 маусымына дейін қамауда болады.
Айта кетейік, жоғарыда аталған төрт фигурантқа қатысты қамау мерзімін ұзарту туралы тағы бір шешім 2017 жылдың наурыз айында қабылданған. Ол кезде қамаудағылардың мерзімі 28 сәуірге дейін ұзартылған еді.
Еске салайық, БЖЗҚ-ның топ менеджерлері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (Алматы қаласындағы департаменті) қор мен «Бузгул Аурум» ЖШС арасындағы облигациялық келісім-шартқа қатысты сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізу кезінде ұсталған. БАҚ-тың хабарлауынша, құқық қорғау органдары «Бузгул Аурум» ЖШС-ның облигацияларына инвестиция салу арқылы қордан 5 млрд теңге жымқырылған деген факт анықталған.