НАСА ғалымдары бірнеше жылдар бойы бақылап келе жатқан N6946-BH1 жұлдызының жоғалып кеткенін хабарлады.
Ғалымдар аспан денесінің бұлай ғайып болуының себебін анықтай алмай отыр. Ал барынша шындыққа сәйкес келетін гипотезаға сәйкес, гравитациялық коллапс құбылысының себебінен жұлдыздың жоғалып кетуі мүмкін, қарапайым тілмен түсіндіргенде - N6946-BH1-ның қара құрдымға айналып кеткен.
2007 жылы жұлдыздың беткі қабатынан жарық жарылысты байқаған болатын. Әдетте бұл жұлдыздың жаңадан пайда болғандығын білдіретін. Ал екі жыл өткеннен кейін тағы бір жарқыл байқалған, содан кейін жұлдыз біртіндеп сөне бастаған болатын.
2015 жылы ғалымдар жұлдыздың орнында инфроқызыл сәулені байқаған, бұл қара құрдымның пайда болуының белгісі болып табылады.
N6946-BH1 жұлдызы Жерден 22 миилион ғарыш жылы қашықтықта спираль тәрізді NGC 6946 галактикасында орналасқан. Жұлдыз Күннен 25 есе ауыр болған.