Шетелдік ақпарат көздерінің кешегі басты тақырыбы, көптеген елдердің басшылары бас қосқан G7 саммитінде сөйленген сөздер мен іс-қимылдары болды. Десе де, жұрттың назарын көбірек аударғаны – тағы да сол атышулы АҚШ президенті Дональд Трамп болды. Көптеген шетелдік басылымдар Трамптың саммитте өзге ел басшыларының сөзіне мүлде назар аудармағанын айтып сынауда. Бұл ғаламдық ақпарат құралдарында қызу тақырыпқа айналып шыға берді. Тіпті Ақүй баспасөз хатшысынан арнаулы түсініктеме сұрады.
Британдық «Mirror» (Айна) басылымы саммиттегі бейне түсірілімді жіңішкелікпен талдап көрсетті. Басылымда: «Бейне көрініс кесінділерінің мына бір (2-ші сурет) бөлегіне назар аударыңыз. Бұл Италия премьер-министрі арнаулы баяндама жасап жатқан кез. Германия канцлері Ангела Меркель мен Тунис президенті Каид Эс-Себси және өзге елдердің басшылары бар назарын салып тыңдап отырғаны байқалады. Алайда, президент Трамптың әрекеті түсініксіз. Құлағына аудармашының тыңдағышын да ілмеген күйі, түс көріп кеткен секілді. Әлде, Трамп италия тілін жақсы біле ме?», – деп жазылыпты.
АҚШ президентінің алғашқы сапарында ол туралы алып қашпа пікірлерді ат көтеріп жүре алмастай болды. Жұрт оның Араб басшыларымен көңілсіз «Қылыш биін» билеуі. Израильде ханымымен түсініспей қалуы секілді кейбір ағаттықтарын теруде. Тіпті оның Рим Папасымен жолыққаны туралы не бір дақпыртқа ұқсас видеолар да тарап кетті. Трамп туралы әлемді кезген бұл пікірлер оның алдағы саясаттағы беделіне кері әсер ететіні анық. Бірақ бұл қылықтары оны бірден-ақ әлемдегі ең танымал тұлғаға айналдырды.