2050 жылға қарай әлемде зейнетақы жинақтарының тапшылығы 428 трлн долларды құрайды. Яғни осынша қаржы жетіспейді деген сөз. Қаражаттың мұндай жетіспеушілігі "өмір сүру ұзақтығы мен зейнетақы қорлары инвестицясының төмен болуымен байланысты болады" деп келтірілген Дүниежүзілік экономикалық форум (ДЭФ) баяндамасында.
Баяндама авторларының сөзінше, әлем енді осы мәселемен күресу керек. "Зейнеткерлік жасты ұлғайтудан еш пайда жоқ", - дейді олар.
Зейнетақы жинақтары жетіспейтін басты елдер АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Нидерланды, Канада, Аустралия сияқты елдер болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл проблема Қытай, Үндістан сияқты халқы көп елдерді де айналып өтпейді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның мұндай есебі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мәліметіне негізделіп жасалған. Ұйымның пайымынша, зейнетақы жинақтарының табысы жұмыс істеп жүрген кездегі кірістің 70%-ын құрау керек. ЭЫДҰ-ға мүше 35 елдің ішінде зейнеткерлердің орташа көрсеткіші - 63%.
Ал енді мына мәліметке назар аударыңыз: қазіргі кезде жасы 65-тен асқандардың саны 650 млн шамасында болса, 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 2,1 млрд адамды құрайды. Сондай-ақ, қазір әрбір зейнеткерге 8 жұмысшыдан келсе, 2050 жылы бұл арақатынан екі есеге қысқарады.