Манчестердегі жарылыс оқиғасынан қазақ болғандар мен зардап шеккендер үшін Брюссель қаласындағы Еуропа парламент алдындағы Ұлыбритания және одаққа мүше елдердің туы жартылай түсірілді. ЕО Манчестердегі жарылысты айыптап, терроризмге қарсы тұруда Ұлыбританияға қолдау көрсететінін айтып уәде берді. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио қызметі» ресми сайты хабарлап отыр.

Брюссельде ЕО және Ұлыбритания туы жартылай түсірілді. Фото: TRT
Ұлыбританияның Манчестер қаласында орын алған жарылыс, осыған дейін Еуропа елдерінде туылған жанкешті шабуылдардың ішінде адам шығыны көп болған оқиғаларды бірі. Барлық Еуропа елдерімен бірге өзге әлем елдері Ұлыбританияға көңіл айту телеграммалары мен қоңырауларын жолдап жатыр. Осыдан бұрын АҚШ үкіметі алдағы жазда Еуропа елдеріндегі адам шоғырлы жиналатын орындарда террорлық шабуылдардың жиі туылатынын айтқан болатын.
Манчестердегі жарылыс дүбірі басылмай жатып, АҚШ президенті аттана салысымен Ватиканда да жарылыс туылуы мүмкін деген хабар шықты. Сол елде саяхаттап жүрген бір турист Ватикан полиция тарауына күдікті сумканың адамдар көп жүретін көше бойында жатқанын хабарлайды. Арнаулы бомба тазалаушы қосынмен аталған орынға келген полицейлер, бұл сумканың залалсыз екенін анықтап, хабар таратқан.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?