Ұлыбританияның «Манчестер" аренасындағы жарылысты жасаған жанкештінің кім екені анықталды. Қалалық полицияның басшысы Иан Хопкинстің мәлімдеуінше, жарылғыш затты іске қосқан Салман Абеди есімді жергілікті тұрғын болуы мүмкін.
Хопкинс: «Біз 22 жасар Салман Абеди есімді азаматты басты күдікті деп отырмыз. Бірақ әзірге тергеушінің нақты шешімі шықпайынша, біз ешқандай нақты ақпарат бере алмаймыз» - деген болатын.
Осыған дейін бұл туралы CBS News арнасы мен Ассошиэйтед пресс агенттігі ешқандай сілтеме жасамай хабарлаған еді.
Манчестердегі BBC тілшісінің келтірген ақпаратына сәйкес, Абедидің ата-анасы Ливиядан көшіп келген, ал өзі Ұлыбританияда дүниеге келген екен.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды