Ирак үкіметі «Ислам мемлекеті» ұйымының бір қатар мәлімдемелер топтамасын тәркілеген. Қолға түсірген бұл құжаттар дәлелдегендей –экстремистік топтардың тұтқындарға жан түршігерлік химиялық эксперименттер жасағаны белгілі болды. Бұл туралы "Шинхуа" агенттігінің ресми сайты мәлімдеп отыр.
Қазір Ирактың солтүстік қаласы Мосул «Ислам мемлекеті» ұйымынан тазартылуда. Өткен жылды қазан айынан басталған Мосул қорғау шайқасы соңғы мәресіне жетуге аз қалды. Ирак үкіметінің армиясы рамазан айынан бұрын Мосулды экстремистік күштерден тазартатындығын мәлім еткен болатын.
Ұлыбритания «The Times» басылымының хабарлауынша, «Ислам мемлекеті» ұйымының адам эксперименттері Мосул университетінде табылған. Бұл туралы мәліметтерді АҚШ пен Ұлыбританияның әскери күштері де растап отыр. Табылған құжаттарға қарағанда, аталмыш ұйымның адамдарға жасаған аяусыз сынақтарының түрі көп. Соның бірінде бір ер адамның азықтық пен ауыз суы ретінде толықтай таллий сульфатын қабылдату сынағын жасаған. Тексеру нәтижесінің естелігі бойынша, екі күннен кейін бұл жәбірленуші безгек ауыруына ұшыраған, одан ары қарай асқазан мен мида ісіну пайда болған, он күннен кейін аянышты халде көз жұмған.
Никотин жоғары дозада беру арқылы жасаған сынақтары да аянышты нәтижелерді көрсеткен. Ұйымның сынақ жасаушылары осының бәрін тексеру естелігіне «табысты болды» деп жазғаны байқалады. Олардың мұндай жан түршігерлік сынақтарының нақты мақсаты әлі де анықталу үстінде.
Соңғы кездері, «Ислам мемлекеті» ұйымы химиялық қару пайдаланды деген де ақпараттар бар. Сүриядағы улы газ пайдалану, Ирак үкімет күштеріне қарсы хлорлы қару пайдалану т.б. Ресей жақ «Ислам мемлекеті» ұйымы Мосул Университетін химиялық қару зерттеп-жасау базасы еткен деп көрсетті.