Дүйсенбі күнгі мұнайдың бағасы біраз көтерілді. Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 54 долларға дейін өскен.
Мәскеу уақытымен 5:49 шамасында Brent маркалы мұнайдың шілде айына арналған фьючерстік бағасы 0,86%-ға өсіп, баррелі 54,07 долларды құрады. Ал WTI маркалы мұнайдың құны 0,93%-ға көтеріліп, баррелі 50,80 доллар болды.
Айта кетейік, Сауд Арабиясының энергетика министрі Халид аль-Фалих мұнай көлемін тағы 9 айға қысқарту туралы ОПЕК пен оған мүше емес елдердің келісімін барлығы мақұлдауы мүмкін екенін мәлімдеген. Оның сөзінше, өндіріс көлемін 2018 жылдың бірінші тоқсаны аяқталғанға дейін қысқартуға келісіп отыр.
Жалпы мұнай көлемін қысқарту туралы алғашқы келісім 2016 жылдың 30 қарашасында жасалған. ОПЕК пен оған мүше емес 11 шикізат өндірісін тәулігіне 1,2 млн баррельге дейін қысқартуға келіскен. Ендігі келісім 25 мамыр күні Аустрияның астанасы Вена қаласында өтеді.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?