Ресей мен Сауд Арабиясы кеше, 6 сәуір күні онлайн конференцияға шығып, мұнай өндірісін қысқарту туралы мәселелерді талқылауы керек еді. Бірақ, екі ел арасындағы бұл сөйлесулер кейінге қалдырылды. Жалпы осы мұнай өндірісін қысқарту шарттары туралы араб пен орыс арасында келіспеушілік өршіп тұр, нәтижесінде мұнай бағасы тарихтағы ең төменгі шекке дейін құлап барады.
ОПЕК+ ұйымы қол қойған мұнай өндірісін қысқарту туралы келісім 1 сәуірден бастап тоқтады. Келісім тоқтай салысымен Сауд Арабияның ең мұнай өндіруші мемлекеттік компаниясы баға соғысын бастап жіберді. Ол мұнай бағасын арзандатса, Ресей тарап өндірісті 3 пайызға көбейтті. Коронавирустың әсерінде мұнайға болған қажеттілік қаңтар айынан бері төмендеп жатқаны белгілі. Оған мұнай өндіруші алыптар арасындағы осындай қайшылықтар қосылып, мұнай бағасы соңғы 30 жылдағы ең төменгі шекке түсті.
Ал, соңғы сөйлесулердің сәтсіз болуы әлем базарындағы мұнай бағасына тағы әсер етті. Бұл әрине орыс ақшасының АҚШ долларына шаққандағы құнын түсіріп бара жатқанын көріп отырмыз. 1 доллар 81-82 доллар арасында сатылып жатыр еді, соңғы күндері 76-78 арасында тұрғанын көрдік.
Мұнай бағасы және өндірушілер арасындағы соңғы маңызды жаңалықты «Блумберг» агенттігі таратты. Онда олар орыс пен араб арасында мұнай өндірісін қысқарту туралы шарттар талқыға салынғанын, қос тарап бұған келісе алмай жатқаны айтылған. Аталған агенттіктің хабарлауынша, Ресей мен Сауд Арабиясы бұл туралы сөйлесулерге АҚШ тарабының араласуын қалайды. Мәскеудің Уашингтонды не үшін сөйлесуге тартып отырғаны түсінікті. Себебі, Сауд Арабиясының артында кім тұрғаны анық.
Ең қызығы, осы аптада әлемнің алдынғы 20 ірі экономикасына ие елдердің энергетика министрлері бас қосып, мұнай өндірісін 10 пайызға қысқарту туралы мәселені ақылдаспақ. Ал, АҚШ президенті Дональд Трамптың мұнай өндірісін қысқарту туралы пікірі анық емес. Ол өткен аптада ОПЕК жобасын теріс жағынан сынады, ол тіпті бұл ұйымды монополия қатарында айыптағаны да бар.