Венесуэла президенті Николас Мадуро Мексиканы банкрот-мемлекет деп атады.
Мадуро ұлттық телеарнаның эфирінде: «Мексика – зорлық-зомбылық, теңсіздік пен есірткі саудасының кесірінен банкрот-мемлекетке айналды» - деп, мәлімдеген болатын.
Бірақ Венесуэланың жағдайы Мексикаға қарағанда жақсы болып тұрғаны шамалы. Ел үкімет билігіне қарсы 45 адамның өмірін қиған ереуілдер мен оппозициялық акциялардың салдарынан аса ауыр дағдарыс жағдайында.
Бұрынырақта өзге де Латын Америкасы елдерінің ішінде Мексика Венесуэладағы митингілдерде үкімет тарапынан күш қолдануды қатаң сынға алған болатын.
Мадураның пікірінше, Мексика билігі АҚШ тарапынан болып отырған қысымнан өз азаматтарын еш қорғай алмай отыр.
Венесуэла президенті: «Трамп Мексикаға барынша қысым көрсетіп жатыр, ал мексикалықтарды қорғайтын билік жоқ» - деген болатын.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды