Әзербайжанның банкрот болған халықаралық банкіне салынған қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік бар. Бұл туралы ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.
«Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық ақпарат жарияланады. Қазақстанда зейнетақы жинақтарына мемлекеттік кепілдік бар, оны ешкім алып тастаған жоқ. Ол тіпті инфляцияны есепке алады. Сондықтан зейнетақы алатын барлық азаматтар оны алады. Оған ешбір күмән жоқ, ешкім уайымдамаса болады», - деді ведомство басшысы Хабар агенттігінің "Ашық диалог" жобасы аясында.
Сондай-ақ, Дәурен Абаев инвестицияның мұндай түрінің дұрыс-дұрыс еместігі теусеру кезінде анықталатынын атап өтті.
«Өздеріңіз айтып отырсыздар «қаржы дұрыс жолмен салынған ба?» деп. Бұл мәселе ерекше бақылауда, қажетті тексерулер жүргізіліп жатыр», - деді Абаев.
Айта кетейік, осыған дейін БЖЗҚ-ның 71,3 млрд теңгесі немесе 200 млн доллар Әзербайжан халықаралық банкінің облигациялары үшін салынғанын айтқан болатынбыз. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Әзербайжанның халықаралық банкі елдегі валюталық дағдарыс пен валютаның жетіспеушілігіне байланысты сыртқы қарыздарын төлеуді тоқтатқан және кредит берушілермен келіссөз жүргізуді бастайды.
Осыдан соң Әзербайжан билігі проблемалы банкке салынған қазақстандық зейнетақы қаржысы қайтарылатынын мәлімдеген. Қарыз Ұлттық қор қаражатынан қайтарылуы мүмкін. Сондықтан министр «халықаралық банкке ақша салған БЖЗҚ-ға да , басқа да компанияларға да төнетін еш қауіп жоқ» деп отыр.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?