АҚШ демократтары президент Дональд Трампқа қарсы оппозициялық компания құруға 1 миллион доллар бөлуге дайын. Бұл туралы Fox News арнасы хабарлады.
Демократиялық партия ұлттық комитетінің (Democratic National Committee, DNC) мәлімдеуінше, маусым айының басында сайлаушылардың дауысын жинау мақсатында «Әділдік маусымы» компаниясының (Resistance Summer) аясында бірнеше кездесу мен басқосулар өткізуді жоспарлап отыр.
Трамп президент болып сайланғаннан бері америкалықтар бірнеше митингтер мен ереуілдер ұйымдастырған болатын. Бірақ саяси аренадағы демократтардың бұл жоспары ел билігіне қарсылық танытудағы алғашқы нақты қадам болып отыр.