Ұлттық банк сәуір айындағы инфляция деңгейінің қандай болғанын жариялады. Олардың мәліметінше, сәуірде көрсеткіш төмендеп, 7,5%-ды құрады.
"Инфляцияның төмендеуі көбіне азық-түлік тауарлары мен ақылы қызметтер бағасының өсу қарқыны неғұрлым баяу болуына байланысты азық-түлікке жатпайтын инфляцияның жылдық қарқынының төмендеуі есебінен болды. Тұтастай алғанда, инфляция жылдың басынан бері Ұлттық Банктің 6-8%-дық нысаналы дәлізі шегінде бекіді", - делінген Ұлттық банктің баспасөз хабарламасында.
Ұлттық банктің мәлімдеуінше, сәуірде халық арасында инфляциялық жағдайдарды бағалау бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесіне сәйкес қабылданатын жылдық инфляция мен өткен айдағы инфляция тұрақты деңгейде сақталады.
Сауалнамаға қатысушылар инфляцияның негізгі көзі ретінде тамақ өнімдері бағасының өсуін айтқан. Сондай-ақ, респонденттердің 53%-ы 2017 жылғы мамырда баға тағы да өседі деп пікір білдірген.
Банк хабарламасында жазылғандай, тіпті бір жылдан кейін инфляцияның деңгейін 10%-дан жоғары бағалайтындардың үлесі біршама өскен. Ал болашақтағы инфляцияны 6-10%-дық аралықта бағалайтындардың үлесі 23%-дан 28%-ға дейін жоғарылаған.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?