Digital-құралдардың көмегімен 19 мыңнан астам аудитория жинауға  болады ма? Samsung Electronics Central Eurasia мен Cheil Kazakhstan агенттігі бұны да ақиқатқа айналдырды.

Агенттіктің клиенті Samsung Electronics Қазақстанда Galaxy S8 | S8+ смартфондарының тұсау кесерінде «Шектеусіз фестиваль» өткізді. Осынау елеулі атаумен жаңа шығарылымдар презентациясы Алматы қаласында қазақстандық және ресейлік әртістер қатысқан концертпен жалғасты.

Фестиваль 19 мыңдай адамның басын құрап, үлкен  мейрамға айналды. Көптеген медиалық сарапшылар презентацияның ауқымдылығын ерекше бағалады

Ұйымдастырушылар мұндай жетістіктің себебі - іс-шараны онлайн-нысанда ілгерілету нәтижесі деп есептейді.

Жоспарланған іс-шараны жариялау 90% ғаламтор арқылы жүзеге асты: арнайы www.s8fest.kz промо-сайтында, Samsung Mobile Kazakhstan ресми әлеуметтік желісіндегі веб-баннерлер көмегімен, атақты вайнерлер мен блогерлерді, сондай-ақ ресейлік танымал жұлдыздарды тарту. Сонымен қатар, түрлі БАҚ өкілдерінде мақалалар мен видеолардың анонсын таратудың арқасында жүзеге асты.

Cheil Kazakhstan компаниясының әлемдік және аймақтық деңгейдегі байқауларда жеңіске жеткен кейбір жобалары туралы қазақстандық БАҚ-та кеңінен жазылып жатты: оның ішінде құндылықтары мен мақсаттары ортақ екі брендтің серіктестігі, яғни Samsung және GGG кампаниясы; жаһандық экологиялық мәселелерге арналған Қазақ географиялық қоғамының әлеуметтік принті – Жер сағаты (бұл туралы ең беделді ресейлік ресурстар да жазды); онлайн-қонақтарға Gear VR көзілдірігінің көмегімен Алматының ең үздік аттракциондарына 360 градустық саяхат сыйлап, ерекше әсер берген Galaxy Amusement Park жобасы бар.

“The Qazaq Times”