Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан Samsung форумының жыл сайынғы конференциясында Samsung Electronics компанияның жаңа өнімдерін таныстырып, 2019-ға арналған даму жоспарымен бөлісті.
Samsung форумының оныншы мерейтойына Ресей, Украина, Белорусия, Қазақстан, Армения, Әзірбайжан және Грузияның компаниялары мен негізгі серіктестері қатысты. Samsung Electronics конференция қатысушыларына 2019 жылға арналған бизнес стратегиясын, сондай-ақ, QLED-ТВ жаңа желісі, Family Hub тоңазытқышын, Dual Кук Flex пешін, қуатты тік шаңсорғыш Jet 200, Bixby қашықтан басқарылатын кір жуғыш машиналары және Galaxy S10 жаңа флагмандық смартфондарын таныстырды. Сонымен қатар, форумда жасанды интеллект технологиялар арқылы «ақылды үйді» дамытуға әртүрлі ұсыныстар айтылды.
Аталған шарада сөз сөйлеген Samsung Electronics штаб-пәтерінің Ресейдегі және ТМД елдеріндегі президенті Саймон Сонг 2019 жылдың компания үшін маңыздылығын атап өтті.
"2019 жыл біз үшін өте маңызды. Биыл Samsung Electronics өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы уақыт ішінде компания озық технологиялық шешімдерді әзірлеуші, сонымен қатар ұялытелефон өнеркәсібінде трендсеттер атанды. Инновацияның дамуына ешқандай кедергі жоқ. Біздің серіктестеріміз болмаса, біз қазіргідей жетістікке жетпес едік", - деді ол.