«Шын мәнінде банктің қарапайым акцияларын шығаруы біздің транзакцияларға байланысты болды. Бүгін Qazkom қосымша акция эмиссиялары туралы хабарлады. Егер біз келіссөзге қол жеткізсек және барлық құжаттарға қол қойылатын болса онда біздің банк Qazkom акцияларын сатып алуға қатысады. Яғни эмиссия Qazkom-ның қосымша капилтандыруы аясында өтеді», - деп атап өтті басқарма төрағасы.
Үміт Болатханқызының сөзінше, Qazkom мен Халық банк арасындағы келісім өте күрделі және Qazkom-ның активтерін бағалау ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. "Біз әзірге жағдай туралы жан-жақты айта алмаймыз. Алайда акцияларды сатып алу нақты болады деп ойлаймын", - деді ол.
Сондай-ақ, ол банк акцияларын сатып алғаннан екі банк бірігіп кетпейтінін тағы атап өтті. "Мен жылдың басында айтқанмын. Келіссөз сатып алу процесі бойынша жүргізіліп жатыр. Мұндай келіссөздердің жүргізілуі банктер бірігеді деген сөз емес", - дейді Үміт Шаяхметова.
Еске салайық, осы жылдың 2 наурызында Қазкоммерцбанк Халық банкке акциялардың бақылау пакетін сату жайлы өзара келісім туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға қатысқан өзге тараптардың қатарында Қазақстан үкіметі, Ұлттық банк, Қазкоммерцбанк, Халық банк, БТА банк пен кәсіпкер, Qazkom-ның ірі акционері Кеңес Рақышев болды.
“The Qazaq Times”