Нью-Йорктың Федералды резервтік банкінің басшысы Уильям Дадли протекционизмнің артықшылығы қысқа мерзімге ғана созылып, экономикаға ұзақ уақыт залал келтіруі мүмкін екенін айтты. Vestifinance.ru агенттігінің хабарлауынша, ол бұл жөнінде Бомбейдің қор биржасы ұйымдастырған конференцияда мәлімдеген.
"Протекционизм экономиканың қысқа мерзімді жоспарлары үшін тиімді болуы мүмкін. Алайда ұзақ мерзімді экономикаға кері әсер етуі ғажап емес. Мемлекеттер бәсекелестіктен бас тарпай оны қалыптасыра алу керек. Сауда алаңдары - бұл тиімділігі жоғала бастаған немесе бәсекеге қабілеті төмен салалар үшін жұмыс орындарын сақтап қалуға көмекетесетін тәсіл. Ал егер протекционизм болатын болса, бұл әр мемлекеттің экспорт саласындағы мүмкіндігін азайтып, кез келген тауарларға қолжетімді болмай қалады", - дейді ол.
Протекционизм дегеніміз не? Бұл терминді екі түрлі түсіндіруге болады. Біріншіден, бұл шетелде шығарылған тауарлардың ішкі нарыққа кіруін шектеу немесе оған жол бермеу мақсатымен жүргізілетін кеден саясаты. Осы тұрғыдан алатын болсақ бұл басқа елдер үшін тиімсіз. Яғни әр мемлекеттің экспорт көлемі қысқарып кетеді.
Ал екінші жағынан қарағанда протекционизм дегеніміз ұлттық өндірушілердің мүдделерін қорғауға, сондай-ақ ұлттық өндірісті көтермелеуге және ынталандыруға бағытталған шаралар жүйесі. Бұл тұрғыда ішкі нарық үшін тиімділігі жоғары. Себебі ішкі нарықта жұмыс істеп жатқан компаниялардың өніміне сұраныс артады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі