АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі күні сөйлеген сөзінде өзінің Әділет министрлігінің вице-министрі Род Росенстейннің (Rod Rosenstein) ұсынысы бойынша FBI-дың басшысы Жеймс Комиді жұмыстан босатқанын айтты. Оның айтуынша бұл ұсынысты қабылдап алудан бұрын да Комиді жұмыстан босатуға әзір екен. Алайда Ақүй шенеуніктерінің сөзіне қарағанда, президент бұл шешімге келуіне әділет министрінің орынбасарының және бас прокурор Жефф Сессионстің ұсынысы басты себепкер болған. NBC-дің айтуынша, АҚШ жергілікті уақытымен бейсенбі кеште Трамптың осы шешімі туралы арнаулы хабар таратады.
“The Wall Street Journal” басылымының хабарлауынша, атын айтқысы келмеген АҚШ жоғары шенділерінің біреуі Жеймс Комидің өткен аптада Әділет министірлігіне ұсыныс жолдап, Ресейдің 2016 жылғы АҚШ президент сайлау ісіне араласқанын тексеру керектігін айтқан. Міне бұл ұсынысы Комидің жұмыстан босатылуына басты себеп болды деуге болады. Ақүй сейсенбі күні жариялаған мәлімдемесінде Комидің жұмыстан босатылуы Хиллари Клинтонның жекелік электронды пошта сандығын ақтару әрекеті деп көрсеткен еді.
АҚШ-тың көптеген шенеуніктері Комидің жұмыстан босатылу ісіне алаңдаушылық білдіруде. Ресей мен Трамп арасындағы қарым қатынасты тексермекші болған FBI басшысының жұмыстан қуылуы, шынында президенттеріне деген күмәнді арттыра түспек. Жоғарыдағы АҚШ ресми өкілдерінің айтуынша, Коми дүйсенбі күні кейбір Конгрес мүшелеріне Әділет министрлігінен Ресейдің АҚШ президент сайлау ісіне араласқанын тексеру жұмысына көбірек қаржылық қолдау көрсетуін талап еткенін айтқан.
Міне осылардың бәрін сараптай келе, АҚШ шенділерінің өз президенттеріне деген күмән-күдігінің арта түскенін, оған Трамптың Комиді жұмыстан босатуы себепші болғанын білуге болады. Істің тура бетіне қарар болсақ 2016 жылғы АҚШ президент сайлауына Ресейдің араласу ісі ашылар болса, Трамптың аз болмаған құпиялығы ашылуы мүмкін. Соның алдын алу үшін айбарлы ұйымның бастығы болған Комиді жұмыстан босатқан. Бәрі бірдей Трампқа деген АҚШ Конгресі мен өзге де шенеуніктерінің күмәні күшейіп тұр.