2017 жылы АҚШ-тың ЖІӨ 2,3%-ды құрайды. Фото: Nnm.me
Еуропалық комиссияның көктемде жасаған болжамына сүйенсек, биыл АҚШ-тың жалпы ішкі өнімінің көрсеткіші 2,2% болады. Осылайша ЕКтің қысқы нәтижесімен салыстырғанда бұл болжам 0,1%-ға төмен болып тұр. Қыста ЕК 2017 жылы ұлы державаның ЖІӨ-нің нақты көрсеткіші 2,3% болады деп болжаған еді.
"Еңбек нарығының деңгейі жоғары болып қала береді. Экономика толық жұмыспен қамтылған. Инфляция қысымы өсіп келеді, бірақ табыстың нақты өсімі жеке тұтынушылық көлемін арттырып жатыр. Осы тұрғыдан қарағанда АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің стратегиялық жоспары экономикаға оң әсер беруде", - делінген комиссия баяндамасында.
Ал инфляцияға келер болсақ, 2017 жылы 2,2% болады деп болжанған. Бұған дейін көрсеткіш 2,4% деңгейінде болған. 2018 жылғы инфляция 2,3% деңгейінде болуы мүмкін.
Бұдан бөлек, жұмыссыздар деңгейі осы жылы 4,6% болады. ЕК-тің мәліметінше, 2018 жылы көрсеткіш бар болғаны 0,1%-ға төмендеуі мүмкін.
“The Qazaq Times”