АҚШ Қорғаныс департаментінің хабарлауынша, Ресейдегі кең ауқымды әскери оқу-жаттығулардың алдында Құрама Штат Балтық аймағындағы ресейлік әскери қорғаныс қуатын бақылауды арттырады. Бұл туралы “The Wall Street Journal” басылымы хабарлап отыр.

Аталған департаменттің лауазымдыларының айтуынша, АҚШ Қорғаныш департаменті тергеу-тексеру пәрменін арттыруда. Бұл тексеру Ресейдегі қыркүйек айында болатын әскери оқу жаттығуларды, сондай-ақ, Балтық теңізіндегі әскери флотын да өз ішіне қамтиды. Бұл бақылау міндетін НАТО-ның әуе қорғаныс шарлау бөлімі өз мойнына алады. Ақүй өкілдерінің айтуынша атаған аймаққа зымыранға қарсы жаңа жүйе орнатылуы да мүмкін екен.

Қорғаныс департаментінің айтуына қарағанда, Ресей “Zapad” әскери оқу-жаттығуында ең соңғы үлгідегі озық әскери техникалар тартылады деп күтілуде. Бұл АҚШ жақтың барлау тексеруіне үлкен орай болмақ екен. Ресей жақ аймақтағы әскери техникаларды жаңартып алдағы оқу жаттығуға пайдаланады. Кейбір озық соғыс техникалары жаттығудан кейін қолданудан шығарып тастауы да мүмкін.

АҚШ қорғаныс министрі Метисс (Jim Mattis) сәрсенбі күні Литва президенті мен бірге Вильнюсте болды. Бұдан кейін белгілі болғаны – АҚШ НАТО-ның әскери қорғаныс қуатын қолдау үшін аталған аймақта кемелді қорғаныс жүйесін орнатуы мүмкін. Десе де бұл лауазымдылар бұл туралы нақты мәлімет білдірмеді. АҚШ-тың НАТО-ны қолдауы күшейген сайын Ресейге қысым түсетіні анық. Әсіресе, Балтық аймағында зымыранға қарсы жүйе орнатылатын болса, онда, Ресейдің қорғаныс қауіпсіздігі жаңа сынға дөп келеді. Демек алдағы уақытта НАТО мен Ресей арасындағы теке-тірес күшейе түседі деген сөз.

"The Qazaq Times"