«Ұлы жеңісі» деп аталып келген, Екінші дүниежүзілік соғыстың Еуропа соғыс майданындағы Кеңес одағының жеңісіне 72 жыл толды. АҚШ «SITE» барлау группасының (SITE Intelligence Group) 9 мамырдағы жариялаған хабарына қарағанда, жақында «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымы арнаулы видео материал таратқан. Видеода Сүрияда лаңкестер жағынан тұтқындалған ресейлік барлау агенті Евгений Петренконы азаптап өлтірілгені түсірілген. Қолға түскен ресейлік агенттік басын кесіп, үрейлі сөздер сөйлеген лаңкестер бұл әрекетін «Ұлы жеңіске жасаған тартуымыз» деген.
Алайда, бұл хабар тарала салысымен Ресей Қорғаныс министрлігі мен Федералдық қауіпсіздік қызметі бұл ақпаратты теріске шығарды. Ресей үкіметінің ақпарат өкілі «Комсомольская правда» басылымының сұхбатын қабылдағанда «бұл видео материал туралы айтылғандардың бәрі де былжырақ» деген пікірін айтты.
Титрда орыс тілінде түсіндірме берілген видеоның ұзақтығы 12 минут. Қара киімді ер адамның құм үстінде тізерлеп отырғанын көруге болады. Бұл адамнан басқа ресейлік арнайы қызметкерлер туралы сұрақтар сұрап жатқанын білуге болады. Ал, оның басын шабардан бұрын оны келемеждеген, қорлаған сөздер айтылады. Әзірге бұл дайындалған бейне материалдың түпнұсқасы табылып анықталмады. Сондай-ақ, оқиғаның нақты қай кезде болғаны да белгісіз. Тек «Ислам мемлекеті» лаңкестері бұл ер адамды осыдан бұрын қолға түскен ресейлік барлау агенті деп көрсетеді.
Бұл бейне материалды терістеген Ресей үкіметінің ақпарат өкілі бірнеше дәлел көрсетті. Біріншіден, видеода сөз болғандай, Петренкоға тиеселі «Федералдық қауіпсіздік комитетінің Екінші дүние соғысы жөніндегі басқармасы» деген мұндай ұйым атымен жоқ. Екіншіден, Ресей барлау агенттіктерінде штаттан тыс қызметкерлерде капитан атағы болуы мүмкін емес. Ал, үшіншіден, Ресей заңына сәйкес Федералдық қауіпсіздік комитетінің барлық қызметі мемлекет ішінде жүргізіледі. Өзге елдерде қызмет өтейтіндер басқа бөлімнің қызметкерлерінен болады.
Ресей үкіметінің өкілі бұл бір жоғары деңгейде мақсатты түрде жасалған қауесет екенін айтты. Ресейдің Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдеме бойынша Ресей және Сирия үкіметінің барлық қызметкерлері қазір өте қауіпсіз. Дегенмен, осыдан бұрын Ресей үкіметі жариялаған мәлімет бойынша, Кремль 2015 жылдың қыркүйегінде Сүриядағы операцияны бастағаннан бері, 30 ресейлік әскери қызметкер қата тапқан.
“The Qazaq Times”