Ресей елге кірген шетел азаматтарына бақылауды күшейтетін заңды ресми атқара бастады. 29 желтоқсаннан бастап күшіне енген жаңа заңға сәйкес Ресейге кірген шетелдік 30 күн ішінде медициналық тексеруден өтуге және жеке саусақ іздерін тіркеуге міндетті.
Ресейдегі мұндай жаңа ережелер туралы өзге елдердің Сыртқы істер министрліктері де ресми хабарлама таратып жатыр. Алайда, Қазақстан СІМ ресми сайтында бұндай ақпарат азірге берілмеді.
Жаңа ереже шетел азаматынан Ресейге кірген әр ретінде медициналық тексерістен өтуді міндеттейді, ал саусақ іздерін бір-ақ рет тіркейді. Бұл ережеге ең алдымен елдегі сауда ұйымдары наразылық білдірді. Айталық, Ресей-Германия сауда палатасы ашық наразылығын білдірді.
Бұған дейін АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Жейсон Робхольцта аталмыш жаңа заңның «гсенофобиялық» сипаты бар әрі Ресейдегі шетелдіктердің өмірін қиындатады деп сынағаны бар.
Міндетті медициналық тексеруден өткізетін стандартты орталықтар Ресейдің кейбір алыс аймақтарында жоқтың қасы. Ресейдің жалпы жағдайы және сауда байланыс шарттарынан алып қарағанда аталмыш ереже Ресейге баратын және онда тұрып жатқан шетелдіктер үшін үлкен қолайсыздықтар жаратады.
Ал, бастапта Ресей президенті Владимир Путин аталмыш заңды елдің эпидемия кезіндегі қауіпсіздігіне байланысты қабыл алғанын айтқан.
Соңғы уақытта Кремльдің саясаты авторитаризмнен тоталтаризмге бет алып бара жатыр деп жиі сынға алынуда.