39 жастағы Эммануэль Макронның Франция президенті болып сайлануы, әлемдегі жас көшбасшылар тізімін жаңартты. Осыған дейін Франция тарихында жас лидер рекордын Бонапарт Наполеон 170 жыл бойы сақтап келген болатын.
Ол 1848 жылы таққа отырғанда 40 жаста еді. Франция халқының орташа жасы 41 жасты құрайтынын ескерсек, француз елінің тізгінін жастар ұстады деуге толықтай негіз бар. BBC арнасы Францияның жас президентімен бірге әлемнің бір қатар еліндегі жас көшбасшыларды түгендеп шыққан еді.
Сан Марино басшысы – Ванесса Д.Амбросио
Бұл тізімнің басында Сан-Мариноның билеушісі Ванесса Д.Амбросио (Vanessa D‘Ambrosio) атты әйел саясаткер тұрады. Сан-Марино – әлемдегі ең шағын елдердің бірі. Италияның солтүстік-шығысында орналасқан. Халық саны 33 мың. Бұл елдегі билік жүйесі өзгеше. Ел билігінің тізгіні екі депутатқа жүктеледі әрі алты айда бір рет ауыстырылып отырады. Соның бірі әлемдегі ең жас көшбасшы әйел саналатын Ванесса. Ол 29 жасында жер аумағы 61 шаршы шақырым Сан Марино республикасының билігін ұстаған.
Солтүстік Корея ең жоғары басшысы – Ким Жоң Ун (Kim Jong-un/ Ким Чен Ын)
Ол туралы осы мың жылдықтағы ең жас әрі атышулы билеуші болуы мүмкін деген болжам бар. Оның әлемді дүрліктіру әрекетін ешкім қайталай алмайтынына барлық сарапшылар сенімді. 34 жасында Корей Халықтың Демократиялық Республикасының ең жоғары басшысы атанды. Солтүстік Корея ядролық және алыс қашықтықтағы зымыран бағдарламасын дамыту Ким Жоң Уннің атағын әлемге жайды.
Эстония басшысы – Жури Ратас
2016 жылы 38 жастағы Жури Ратас Эстонияның билік басына келді. Оның билікке келуіне қолдаушылық еткендері Балтық елдерінің орыс тілді аз ұлттары болды. Бұл ел 1991 жылы Кеңес Одағынан алғашқылардың бірі болып өз тәуелсіздігін жариялаған болатын. Кремль Эстония респубилкасын 1991 жылы қыркүйекте ресми дербес ел деп мойындаған.
Украина премьер-министрі – Владимир Гройсман
2016 жылы 38 жастағы Гройсман Украина премьер-министрі болып қызмет атқарды. Алайда, Еуропадағы екінші үлкен елдің билік тізгіні толығымен Петр Порошенконың қолында. Дегенмен, Гройсман Украина тарихындағы екінші ең жас премьер-министрі болып саналады. Ол интернационалист болғанымен, консервативтік позицияның билігін атқарушы. Сонымен бірге Гройсман Украинаның НАТО және ЕО-ға мүше болуын қолдады. Демократияны қос қолын көтере қолдағанымен бір жынысты некеге қарсы тұрған саясаткер.
Бутан патшасы – Джигме Кхесар Намгьял Вангчук
Егер әлемдегі ең жас көшбасшылар тізімі патшалық отбасыларды да қамтитын болса, жоғары да аталған Бутан королі де кірер еді. 37 жастағы жас патша сол ел тарихында да ең жас билеуші болып саналады. Ұлыбританияның Бостон университеті мен Оксфорд университетінде білім алған. 2006 жылы Бутан патша тағына отырды. Оның және «Әлемдегі ең әдемі король» деген аты да бар. Бутан және оған көрші елдерде жоғары беделге ие. Таққа отыра салысымен мемлекеттің саяси және экономикалық дамуын ілгерілететін реформалар жасады. Ел үкіметі конституциялық монархия түрінде өзгертілді. Ел экономикасы да жанданып, туризм дамыды.
Катардың мұрагер ханзадасы – Шейх Тамим бин Хамад әл-Сани
2013 жылы маусым айында Катар әміршісі Әмір Шейх Хамад өзінің төртінші ұлы 32 жастағы Шейх Тамим бин Хамад әл-Саниды Катардың тақ мұрагер ханзадасы етіп жариялады. Қазір 36 жастағы Катар ханзадасы Ұлыбританиядағы «Sanders Hess» арнайы әскери академияда тәрбиеленуде. Енді бір жағынан Катар Қарулы күштер командирінің орынбасары және Катар Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы ретінде қызмет етеді.