Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жариялануынша, министрліктің баспасөз хатшысы Гың Шуаң: «Қытай тарабы тибет Далай Ламасын кез-келдің шақыруына немесе сапарлауына қарсы. Бұл сол ел мен Қытай арасындағы дипломатиялық сенімсіздікті тудырады» деп мәлімдеген.
Баспасөз мәжілісінде журналситтер: «Бұл Қытай үкімет тарабының АҚШ президенті Трамптың Далаймен кездесуіне болмайды деген талабы ма?» – деген сұрағына Қытай СІМ өкілі Гың Шуаң (Geng Shuang): «Бұл іс жөнінде біз әле қашан өз тұғырымыз бен талабымызды бекітіп болғанбыз. Далай XIV болса таза дін өкілі емес. Ол таза Қытай билігіне қарсы сепаратистік қызметпен айналысатын саяси қудаланушы. Ресми Бейжің Далай Ламаның әрқандай бір елге сапарлай баруына қарсы. Шетелдік кез-келген саяси тұлғамен әр түрлі мақсатта кездесуі мен байланыс жасауына қарсы», – деп жауап берді.
Естеріңізге сала кетейік. Өткен жылдың соңында, Моңғолия тибет Далайын еліне шақырғаны үшін Қытай тарабының саяси және экономикалық қысымына ұшыраған болатын. Бұл санкциялар Моңғолия экономикасына ауыр соққы болды. Кейін Моңғолия үкіметі Бейжіңге арнайы елшілер аттандырып, жоғары лауазымдыларының кездесу отырысы арқылы келісімге келген болатын.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес