НАСА ғалымдары ғарышта «цунами» секілді құбылыстың барын осы уақытқа дейін де бірнеше мәрте дәлелдеген болатын. Бүгінде «цунами» жанған газдың толқындарынан пайда болатыны анықталды. Оған дәлел – НАСА-ның ғарыш аппараттары «цунамидің» пайда болу көрінісін суретке түсірген. Бұл құбылыс Персей жұлдыздар шоғырының жанында байқалған. Ұзындығы 200 мың ғарыш жылына тең келетін «цунами» толқындары Құс жол галактикасынан екі есе үлкен. Ғалымдардың пікірінше, бұл толқындар басқа галактикалар мен Персейдің жақындасуынан  бірнеше миллиард жыл бұрын пайда болуы мүмкін.

“The Qazaq Times”