БҰҰ балалар қорының (UNICEF) мәліметі бойынша, 2017 жылдың соңына қарай Сомалидегі аштыққа шалдыққан балалардың саны 50 пайызға артып, 1,4 миллионға жетуі мүмкін.
Ұйымның есебіне сәйкес 275 мыңға жуық балалардың өміріне аштықтың салдарынан өлім қаупі төніп тұр.
Ас-судан қағылған балалардың иммуниеті қарапайым адамдікіне қарағанда 9 есе әлсіз келіп, түрлі ауруларға бейім болады.
Сомалидегі UNICEF-тің ресми өкілі Стивен Лоуверьераның айтуынша: «Құрғақшылық пен аурудың салдарынан балалар үшін қоныс аудару тым қатерлі, сол үшін де біз тездетіп құтқару шараларын қолға алуымыз қажет».
UNICEF өкілдерінің айтуынша, соңғы кездегі құрғақшылықтың салдарынан 40 мыңға жуық бала оқудан да қол үзген. Олар күндерін су іздеумен және азық табумен өткізеді.
The Qazaq Times


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?