"Терроризмді насихаттады" және "ұлттық алауыздықты қоздырды" деген айыппен 2018 жылдан бері қамауда отырған "саяси тұтқын" Кенжебек Әбішевтен жүрек ишемиясы ауруы анықталды. Бұл туралы оның адвокаты Гүлнар Жуаспаева мен қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлының ақпаратына сүйенген Азаттық радиосы хабарлады.
11 сәуірден бері түрмеде аштық жариялап жатқан Кенжебек Әбішев "бүйрегінен приступ ұстап" 14 сәуірде түнде ауруханаға түскен. Адвокатының Азаттыққа айтуынша, оны жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізген.
"Ол аштықты тоқтатқан жоқ. Бүгін алтыншы күн. Дәрігерлер әлсіздік барын айтты. Одан кейін жүрек ишемиясын анықтаған. Бүйрек және басқа да органдарын УЗИ-ден өткізіп, тексереді. Қазіргі негізгі нәрсе сол – жүрек ишемиясы. Дәрігерлер ол стрестен, жүйке жүйесінің тозғанынан деп түсіндіріп отыр. Қазір өзіне терезе арқылы да айттық. "Сенің өмірің қымбат, өмірің керек. Ол үшін денсаулық керек. Өзіңді білетін, саған жаны ашитын адамдардың бәрінің атынан өтініш – мына аштықты тоқтат" дедік. Қандай шешім қабылдайсың, оны өзің білесің. Саған емделу керек, дұрысталу керек, күш жинау керек екенін айттық" деген Рысбек Сәрсенбайұлы Азаттық радиосының тілшісіне.
Адвокат Гүлнара Жуаспаеваның сөзінше, дәрігерлер Әбішевтің жағдайын "тұрақты" деп бағалаған, қазір емдеп жатыр.
Рысбек Сәрсенбайұлының айтуынша, 14 сәуірде Әбішевті аштықты тоқтатуға көндіру үшін прокурор, қылмыстық атқару жүйесі департаментінің өкілдері түрмеге барған. Ал Әбішев оларға жазаны жеңілдету туралы өтінішін қанағаттандырған жағдайда ғана аштығын тоқтататынын мәлімдеген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі