Британдық Channel 4 телеарнасының көрермендері жақын арада тек өздеріне арналған және тікелей есімдерін атайтын жарнаманы көретін болады. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.
Жарнама 15 миллионнан астам ноутбук, планшет және де Smart TV қолданушыларына қолжетімді болмақ. Осы шешім соңғы уақытта жарнаманың көрермендерінің тым азайып кетуіне байланысты ойластырылып отыр. Өйткені, қазіргі таңда көптеген көрермендер жарнама шыққан кезде басқа арнаға ауыстырып немесе бағдарлама, фильм басталғанша басқа шаруаларымен айналысып кетеді. Осы арқылы телеарнадағы жарнаманың қаралым деңгейі тым төмендеп кеткен.
Арнаның креативті директоры Давид Амодионың айтуынша: "Адамның назарын аударатын ең басты дүние - ол өзінің есімі".
Мысалға, Foster's Lager сырларының жарнамасы "бұл сен үшін ..." деп, көрерменнің есімін айтып басталатын болады.
Айта кетсек, осы уақытқа дейін де бірнеше америкалық фирмалар жарнамаларды жеке үйлерге бағыттап, тек жеке отбасыларға арнап отыратын техналогияны тәжірибеден өткізген болатын.
“The Qazaq Times”