Бүгін 6 қаңтар Талдықорған қаласында қанды қаңтар кезінде ұсталғандарға үтік басып азаптады деп айыпталған Айдын Кенжебаев жауап берді. Сот басталғанда күдікті Айдын Кенжебаевтың адвокаты Есейбеков Руслан прокуратураға кінәні мойндау туралы просестік келсім өтініш хатын ұсынды. Судья Бекмұрат Дүйсенбеков өтінішті ашық қалтырды.

Атаулы істегі айыптардың барлығымен келісемін деген Айдын Кенжебаев: "Жазылған айыптау актісімен толықтай келісемін. Кінәмді мойындаймын. Жәбірленушілердің бәрінен кешірім сұраймын",-деді.

Жәбірленуші Дәурен Айтов Кенжебаевтан  жаныңдағы басқа азаптаған полицейлер туралы сұрады.

Айдын Кенжебаев "Мен оларды білмеймін. Танмаймын. Барлығы маскада болды", -деп жауап берді.

Жәбіренуші тараптың адвокаты Түсіпова Әсемнің "алдын ала сөз байласуы туралы және осында азаптау фактісімен отырған басқа полиция қызметкерлерін танисыз ба" деген сұрағына күдікті Кенжебаевтан "Мен айыптау актісімен толықтай келісемін. Онда жазылғандардың барлығы рас, Нұртаза Жанбақыттан басқасын танымаймын" деді.

Ұсталғандарды не үшін азаптадың деген сауалға "Жиырма мың террорист кірді деген ақпартты естіген соң үрей болды. Жоғалған қаруларды орнына қою масатында азаптадым. Мен оның бәрін қара басым үшін істегем жоқ. Азаптау туралы бұйрық болмады. Бірақ қаруларды тауып қалада тыныштық орнату туралы бұйрық болды"-деген жауап берді.

Адвокат Түсіпованың тағыда "тергеу кезінде мойндамай, қазір мойндап тұрғаныңыздың қандай себебі бар" деген сұрағына күдікті Айдын Кенжебаев "мен ол кезде қорғану құқымды пайдаландым" деді.

Айдынның сұралуы ұзаққа созылмады. Ары қарай күдікті полицейлердің адвокаттары судьяға өздеріне қатысты жәбірленушілердің кешірім арыздарын тапсырды. Сот істі зерделеуге көшті.

Судья Дүйсенбеков журналистерге дыбыс-бейне жазуға, айыпталушыларды фотоға түсіруге шектеу қойған.