20 қазан күні Жетісудың облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі соты қаңтар қырғыны кезінде қамалғандарды үтік басып азаптады деп айыпталған полиция қызметкері Кенжебаев Айдын қайтадан қамауға алды. Ал осы іспен қатар қаралып жатқан өзге төрт полицей үй қамағына үкім етті. Бұл туралы жәбірленушілердің құқын қорғап жүрген "Қаңтар" қорының адвокаты Әсем Түсіпова мәлімдеді.
Осы күнге дейін кепілдікпен бостандықта жүрген күдіктілерді қамауға алу туралы өз қорғауындағы адамдардың шағымы бойынша күдіктелердің бұлтарпау шарасын өзгертуді өтініш еткен адвокат облыстық сотқа арызданған.
Адвокат Түсіпова облыстық сот арызын қарап іс бойынша «Сот Айдын Кенжебаевты қамауға алуға шешім шығарды. Оны сот залынан қамауға алды. Бұдан өзге төрт полиция қызметкері Тоқташ, Нұртаза, Боқанов, Жұмашов кепілмен үйқамаққа алынды», - деді. Сондай-ақ, өзінің 21 қазанда қаулымен танысқанын айтты.
Қаулыда Қайрат Иманханов төрағалық еткен сотта судьялар Е.Журханов, Ә. Сағымбековтар Жетісу облысы Талдықорған қалалық сотының 2022 жылғы 09 қыркүйектегі қаулысын бұзуға үкім шығарды.
"Сотталушы Айдын Еркінұлы Кенжебаевқа "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шаралары өзгертіліп, оған "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылсын, сот залынан дереу қамауға лынсын.
Сотталушылар Сапармұрат Ерболатұлы Тоқташқа, Жанбақыт Нұрбақытұлы Нұртазаға, Алмас Адилбекович Боканов және Ермек Ерболатович Мумашовқа "кепіл" түріндегі бұлтартпау шаралары өзгертілсін, оларға "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылсын", -делінген.
Бұдан бұрын жеті реткі сот отырсы өткен Талдықорған қалалық сотында да Түсіпова күдіктелерді қамау туралы қалалық сотқа шағымданған-тұғын. Алайда судья Бекмұрат Дүйсенбеков оны қанағаттандырмаған.
Бес полицей күдікті саналған азаптау ісі бойынша 23 жәбірленуші бар. Олардың барлығы дерлік сотқа қатыспайды. Өздерінің айтуынша "күштік құрлымдар көбінің аузын жауып куәлік беруден бас тартқызып отыр", -деп санайды.
материал толықтырылды