Биылғы оқу жылы аяқталып келеді, алда 3 айлық демалыс. Біреулер үшін шексіз еркіндік. Ойын, қыдыру, ұйқыны қандыру. Ал, кейбір балалар үшін білім мен қызығушылықтарына жол ашатын мүмкіндік. Ізденгіш балалар мен шығармашылық қиялға бай балалар үшін қоғам қандай жағдай жасай алады? Ата-аналардың жағдайы жар берсе ақылы лагерлерге жібереді. Ондай жағдайға қол жеткізе алмайтын жеткіншектер өз бетінше ізденеді. Біз кітапқұмар балалар туралы айтпақпыз. Негізінде, бүгінгі күнде статистика бойынша кітап оқығысы келетін балалар өте аз.
2021ж балалардың кітап оқуын қолдау жылы болғанына қарамастан, кітап оқитын балалардың саны әлі де төмен. Электроникаға әуестік, түрлі компьютерлік ойындар, әртүрлі әлеуметтік желідегі күндіз-түні үзіліссіз көрсетілетін видеолар мен жеке каналдар қойыртпақ күйінде, талғаусыз ұсынылып балалардың санасына әсер етуде, уақыттарын ұрлауда. Сондықтан, кітапқа қызығатын балаларды дәріптей отырып, басқа балаларды да тарту өте маңызды. Осы оймен Алматы облысы Талғар ауданы Қызыл-Қайрат ауылы N19 көп салалы мектеп гимназиясының кітапханашысы Есмұханова Гүлсім апаймен сөйлескен болатынбыз. Аталған мектеп мектептің кітапханасында екі қызметкер бар, жанындағы әріптесі Жармағамбетова Айман екеуі осы бағытта біраз жұмыстар істеген. Ол жұмыстар үшін мектеп ұжымы да көмектескен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде БҒМ берген тапсырмасына сәйкес “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында жұмыстар атқарып іс-шаралар жүргізгенін тілге тиек етті.
Гүлсім ханымның айтуы бойынша осы оқу жылында ақын Қ. Аманжоловтың 110 жылдығы, жазушы С. Мұратбековтың 85 жылдығы, әйгілі педагог Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы аталып, мектеп көлемінде кештер өткізілген. Сондай-ақ, ақын Т.Молдағалиев пен Қ. Мырза-Әли шығармашылығымен таныстырылымдар болған. “Бір кітап-бір сынып” жобасымен 4-5 сыныптар арасында топтық жұмыстар болғанын айтты. Сондай-ақ, алдағы жоспарларымен бөлісті. Алдағы демалыс кезінде мектепте лагар ұйымдастырып, кітап оқуға ынталы балаларды шабыттандыратын ойындар ұйымдастырылатынын, маусым мен тамыз айында жалғасты жұмыс істей беретіндерін хабарлады. Балаларға арналған көптеген кітаптарға мектеп директоры Е. О.Коншибаевпен ақылдаса отырып тапсырыс бергендерін және сол кітаптарды балалардың оқуы үшін үйлеріне алуына рұқсат етілетінін де сөз етті.
Қызыл-Қайрат ауылдық мәдениет үйіндегі кітапханашы Шаймаханова Роза Мәкенқызына да осыған байланысты бірнеше сұрақ қойған едік.
Былтыр балалардың кітап оқуын қолдау жылы болды, биыл балалар жылы, осы екі жылда кітапханаға балаларға арналған жаңа кітаптар түсті ме?
Әрине, жыл сайын кітап қорына балалар ға арналған кітаптар түсіп тұрады, былтыр мен биылғы жылы балалар әдебиетіне ерекше көңіл бөлінуде.
Балалармен бірге кітап оқуға ынталандыратын іс-шаралар өткіздіңіздер ме?
Қызылқайрат "Модельді ауыл кітапханасы 2011 жылы ақпан айынан бастап ашылып, кітапхана тек қана үлкендермен емес, мнктеп оқушыларымен,мектепке дейінгі бүлдіршіндерге де көптеген іс- шаралар жүргізіп келеді
Тәрбие басы - тал бесіктен" дегендей,баланы жастайынан кітап оқуға дағдыландыру, білімге жетелеу,қазақи салт- дәстүрімізді, әдет- ғұрпымызды, үлкенді сыйлау,құрметтеу,ата- баба мұрасын ұрпаққа жеткізу,әрбір даталы ақын- жазушылар, қоғам қайраткерлері,мәдени іс- щаралар,"Өлкетану" барысында туған жерге тағзым,жергілікті тұлғалармен кездесу кештері,т.б іс - шаралары жүргізіліп тұрады
Оқырмандарыңыз көп пе және олардың ішінде балалар бар ма?
Кітапханаға жыл сайын 650- оқырман тіркеліп, кітап алып оқиды, және жылжымалы кітапхана аптасына бір рет жұмыс жасап,оқырмандар сұранысын жеткізіп отырады
Кітапханамызда "Отбасылық оқу" жобасы","Ақындыққа бастар жол" клубы","Коворкинг" орталығы, "Асыл қазына" әжелер" тобымен,мүмкіндігі шектеулі балалар орталығы "Ақжол М" жұмыс жасайды
Айта берсем он бір жылда керемет жұмыстар жүргізіліпті,шүкір, кітапқа құмар,ақындыққа құмар жастар болды, бірақ, мектеп бітіріп, клубымыз жыл сайын жаңа жас ақындармен толықтырылып отырылады, клуб бір жылға құрылады.
Қазіргі балаларға кітап оқыту қиын дейтіндер де бар. Алайда кітапхананың жасаған жақсы жағдайы оқырмандарды көбейтері сөзсіз. Бұл үшін барлық деңгедегі мекемелер барынша ат салысса деген тілектеміз.
Нұрбәтима Байтұрсын
Талғар ауданы.