Алматы қаласының іргесіндегі Талғардан 3 шақырым жерде орналасқан Алатау окургінің Қызыл-Қайрат мөлтек ауданындағы тұрғындардың БАҚ құралдарына шыққаннан басқа амалы қалмаған. Еліміздегі көптеген ауылдарға ортақ проблема жарық, жол және судың жетіспеушілігі мен дұрыс жолға қойылмауына байланысты ауыл, аудан, обл әкімдеріне дейін барып еш нәтиже шығара алмаған.
Қызыл-Қайрат ауылы Талғар ауданына қарасты. Осында ауылдың аяқ жағына орын тепкен тұрғындар өздері "Келешек" деп атап кеткен шағын аудан бар. Бұл арада орналасқан тұрғын үйлердің мәселесі шаш етектен. Ауыл тұрғындарына ең қажетті жол, жарық, су мәселелері жүйелі түрде шешілмеген. Кішкентай ауылдың үлкен мәселелері шешімін таппағандықтан ауыл тұрғындары облысқа дейін шағымданған. Оданда еш нәтиже болмаған соң Келешектіктер БАҚ құралдарын шақырып, ашық ақпарат көзіне арыз-шағымдарын айтты. Төрт жылдан бері осы ауылда тұрып келе жатқан ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы:
– Қызыл-Қайрат ауылы, Келешек тұрғындарының жағдайы мүшкіл. Жол батпақ, тығылады, светтері өлеусіреген, су мәселесі де сапалы емес. Осындай көптеген мәселе бар. Өткенде білесіздер қаңтар оқиғасы болды, қаңтар оқығасының тағы бір жағында не жатыр дегенде, әлеуметтік мәселенің дұрыс шешілмегені, ауылдағы, елдегі жастардың мәселесінің дұрыс шешілмегені. Халықтың билікке наразылығы. Ал ол наразылықты кім тудырып отыр. Ол наразылықты жергілікті әкімдер тудырып отыр, –деп ел ішінің тыныштығының кепілі ауылдағы әлеуметтік мәселелердің шешілуі екенін айтады.
Ауыл тұрғындарының өз күшімен жалғаған жарықпен суының бүгінгі қажеттілікті қамтамасыз ете алмаудың салдарынан тұрмыстық техникаларды жиі істен шығатынын айтқан Омар Қаптағаев осы мәселелерді 2 жылдың ішінде шешіп берем деген ауыл әкімінің 2016-жылдан бері еш қайран жасамағанын айтып:
– Бұл екі мыңыншы жылдан бастап Келешек микрорайонына көшіп келіп өзіміз трансформатор қойдық. Ол трансформатордың күші 300 семьяға арналған болатын. Енді қазір жылдан-жылға жанұялар көбейіп жатыр. Бұл трансформатордың күші жетпей жатыр. Қаншама әкімге бардық аудан әкімі облысқа сілтейді, обылс әкімі аудан әкіміне сілтейді, – деп өз шағымын айтты.
Ауылдың тағы бір тұрғыны Әсет Кишу жол мәселесі бойынша әкімшілікке сан мәрте барса да ешқандай нәтиже болмағанын айтады
– Жазда шаң болады, қыста батпақ болады. Мына жақта балалар батпақта аяқ-киімдері қалаып қалып мектепке жалаң аяқ барған кездері болады. Сондықтан аяқ-киімге салафан киіп шығамыз мына жерде. Мына жерде қарайтын болсыаңыз көрші-қолаңның бәрі жүр гәлөште. Форма номер 1 бұл біздің ауылда, –деді.
Жол мәселесін ауыл тұрғындары өздері қаржыларымен бірлесіп шешуге тырысқанымен бұл әлі де жекіліксіз болып тұр. Ауылдағы тоқтап қалған шалшық сулар оның бәрі де адамдардың жүріп тұрыуына кедергі. Қарлы және жаңбырлы күндері бұл жолда жаяу адам түгілі көліктің жүріп тұруы қиын болады. Ауылдың жоғарғы бөлігінде орналасқан тұрғын үйлердің жарығы, ол жақтағы трансформаторлар мемлекет балансына өткізілгенмен толықтай қамтамасыз ете алмайды. Бұл жақта қоныстанған тұрғындардың көбеюіне байланысты, әсіресе балалардың кешкі сабаққа дайындалатын мезгілінде жарықтың жетіспеушілігі байқалады. Ал төмен жақтағы орналасқан үйлердің трансформаторлары әлі де мемлекет балансына өткізілмеген. Сондай-ақ бұл жақтағы қауіпсіздік мәселесі қаншалықты талапқа сай келеді. Бұл да кезек күттірмейтін мәселе.
Алматы обл. Талғар ауданы, Қызыл-Қайрат ауылы.
Нұрбәтима Байтұрсын