Қазақстанның халық саны 19 миллион 170 мыңға жуықтады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болғанда үкімет жетекшісі Асқар Мамин мәлімдеді.

Ақорданың ресми сайты көрсеткендей, үкімет басшысының мәлімдемесінде халықтың орташа жасы 31,94 болса, халықтың 33,97 пайызын 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер иелейді. 19,72 пайызын 14 пен 28 арасындағы жастар құрайды. Қазақстандықтардың 48,71 пайызы ерлер болса, 51,29 пайызы әйелдер.

1 қыркүйек пен 30 қазан арасында жүргізілген ұлттық санақтың алғашқы нәтижелерін жариялаған Маминнің дерегінше Қазақстанда қазақтардың саны жалпы халық санының 70,18 пайызын иелейді. Санақ нәтижесі бойынша еңбекке жарамды отандастарымыздың саны 11 млн 320 мыңнан асады.

The Qazaq Times