Pegasus тыңшы бағдарламасын дайындаған израильдік NSO Group компаниясы iOS құрылғысына вирус жұқтыру арқылы қолданушыларға тыңшылық орнатқан. Осыған байланысты Apple корпорациясы NSO Grou-пен соттасады. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Apple құрылғыларының осал тұсын киберқауіпсіздікпен айналысатын The Citizen Lab канадалық зерттеу тобы анықтаған. Зерттеу нәтижесіне қарағанда, Pegasus бағдарламасын дайындау барысында израильдік компания PDF файлдармен жұмыс істеу кезінде қорғаныстың осал болуын пайдаланған.
Apple корпорациясы NSO Group компаниясының бағдарламаларын Apple сервистері мен құрылғыларына орнатуға тыйым салуын сұрады.
Биыл шілде айында Forbidden Stories ұйымы мен бірнеше БАҚ израильдік компанияның бағдарламалары журналистер мен мемлекет басшыларына тыңшылық орнатқаны жөнінде хабарлады. Олардың арасында Франция президенті Эммануэль Макрон да бар.
NSO Group өкілдері бұны жоққа шығарып, бағдарламасын террористермен күресуге арналған деп мәлімдеді.
Pegasus бағдарламасы ұялы телефонды сілтеме көмегімен бұзып, электронды хаттарды, әңгімелерді және хабарламаларды құпия түрде көшіріп алады.
CNN, Associated Press, Voice of America, New York Times, Wall Street Journal, Bloomberg News, Le Monde, Financial Times және Al Jazeera журналистерінің ұялы телефондары Pegasus бағдарламасының көмегімен бұзылғаны анықталды. Бұған қоса, тізімде 65 кәсіпкердің, 85 құқық қорғаушының, 600-ден астам саясаткердің телефон нөмірі болған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді