Мұнай бағасы елеулі көрсеткішке өсіп, 3 жыл бұрынғы деңгейге көтерілді.
Лондон құрлықаралық биржасының (ICE) сауда дерекқорына қарағанда, бүгінгі таңда Brent маркалы мұнай бағасы 2018 жылдың 10 қазанынан бері алғаш рет барреліне 83 доллардан асты.
Сейсенбі күнгі сатылым барысында ең жоғарғы өсім Brent баррелінің құны 2,3%-ға дейін артып, 83,13 долларға жеткен. Алайда астана уақытымен сағат 22.00-ге қарай 82,76 долларға дейін сәл төмендеген.
ОПЕК+ мониторинг комитетіне кіретін министрлердің мұнай өндіруді тәулігіне 400 мың баррельге арттыру жөніндегі жоспарын ары қарай жалғастыру жөніндегі шешімінен кейін мұнай бағасы өсе бастады.
Осы айдың басындағы Энергетика министрлігінің ресми мәліметінше, ОПЕК+ аясында Қазақстан белгіленген квота негізінде қазан айында тәулігіне 1,524 млн, қарашада күніне 1,540 млн баррель өндіре алады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы