Бүгін, 28 тамызда Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы Байзақ ауданында жарылыс болған әскери бөлімнен тағы бір адамның денесі табылғанын хабарлады. Осылайша жойқын жарылыс салдарынан қаза болғандар саны 13 адамға жетті.
Министрліктің 28 тамыздағы ақпаратына қарағанда, мәйіті кеше табылған 5 адамның кім екені анықталған. Ал үш мәйіттің кім екені әлі белгісіз. Бұған қоса, үш адам әлі іздестіріліп жатыр.
Жойқын жарылыстан қаза болған 13 адамның 10-ы белгілі. Олар:
- Мешінбай Марат Сайлауұлы, сержант;
- Жанболатов Руслан Жүрсінбайұлы, ефрейтор;
- Далибаев Оразбек Дайрабекұлы, әскери күзет қызметкері;
- Арман Қапезов, Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры;
- Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков, өрт сөндіру командасының бастығы, келісім-шарт қызметінің старшинасы;
- Темірболатов Арнұр Серікұлы, өрт сөндіруші-құтқарушы;
- Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы, аға өрт сөндіруші-құтқарушы;
- Микропуло Александр Николаевич, өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі;
- Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы, өрт сөндіруші-құтқарушы;
- М.К.Айманов, Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары;
26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімшенің қоймасынан өрт шығып, оқ-дәрі жарылған. Қорғаныс министрлігінің ақпаратына қарағанда, кемі он жарылыс болған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді