Қазақстандық құқық қорғаушылар кеңесі Amnesty International және Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы (ПАСЕ) ұйымдарының нұсқаулығы бойынша, тағы үш адамды «саяси тұтқын» ретінде таныды. Құқық қорғаушы сарапшылардың шешімінше, бұрын босағандарды есептемегенде әзірге елде саяси тұтқындар қатары 23-ке жетті.
«Әміршіл жүйенің» қамытын киген үш азамат, олар – ақтөбелік белсенді Асылхан Жаубатыров, АҚШ-та тұратын Барлық Меңдіғазиевтің бауыры Бекіжан Меңдіғазиев пен шымкенттік белсенді Ерұлан Әміров.
Қазақстандағы құқық қорғауышылар мен қоғамдық ұйымдардан құрылған Сарапшылар кеңесі «ар-ождан тұтқындарының» тізімін кеңейтті.
- 45 жастағы Ақтөбе тұрғыны, «экстремистік ұйымның ісіне араласты» (Қылмыстық кодекс, 405-бабының 2-бөлігі) деген күдікпен сотқа дейінгі тергеп-тексеруге тартылған. Көктемде екі ай үйқамақта, кейіннен уақытша абақтыға ауыстырылған. Кейінгі үш жылда санкцияланбаған митингке қатысуына байланысты 15 мәрте әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
- 55 жастағы Бекіжан Меңдіғазиев – «жүйені түбірімен өзгерту қажет» деп санайытын әрі белсенділерге қаржылай көмек көрсетіп жүрген АҚШ-та жүрген кәсіпкер Барлық Меңдіғазиевтің бауыры. Ол биыл маусым айының басында екі айға қамалған. Оған «ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысқаны», «аса ірі мөлшерде салық төлеуден жалтарғаны» және «ағасы барлык Меңдіғазиевпен бірге ірі мөлшерде ақшаны жылыстатқаны» үшін айып тағылды. Құқық қорғаушылар оны туысының Ақордаға қарсы ұстанымы үшін «тұтқындалды» дейді.
- Үшінші «саяси тұтқын» – 33 жастағы Шымкенттегі азаматтық белсенді Ерұлан Әміров. Ол сәуірдің соңынан бері «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» (Қылмыстық кодекс, 405-бабының 1-бөлігі) және «әлеуметтік араздық қоздыру» (174-бабының 1-бөлігі), «терроризмді насихаттау» (256-бапбының 1,2-бөлігі) баптары бойынша күдікке ілінген. Шымкент қаласының тергеу соты 10 маусымда оны Алматы облысы Ақтас қаласындағы психиатриялық емханаға жатқызған.
2013 жылдан бастап жүргізілетін «саяси тұтқындар» қатарына ақын әрі диссидент Арон Атабек, жаңаөзендік белсенді Ержан Елшібаев, «Патша құлайтыны» жөніндегі түсін жорыған іле-шала «терроризмді насихаттады» деп сотталған Кенжебек Әбішев, Алмат Жұмағалиев енген.
Саяси тұтқындар тізімін жаңартқан кеңес құрамында Ғалым Агелеуов, Лұқпан Ахмедияров, Зәуреш Батталова, Гүлмира Біржанова, Анар Ибраева, Евгений Жовтис, Ерлан Қалиев, Бақытжан Төреғожина, Амангелді Шорманбаев бар.
«Естуші Үкімет» басшылығы мен Ақорда-Кітапхана үштігі «Қазақстанда саяси тұтқындар» барын толықтай терістегенімен, – жыл сайын ондаған азаматтық белсенділер түрлі айыппен сотталып жатады. Кейінгі кезде «экстремистік» сипатта істі болып жатқанда айтарлықтай артты. Құқық қорғаушылар мұны «автократия мен диктатуралық жүйенің» күрес тәсілі ретінде түсіндіреді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды