"Полиция талабын орындамады" деген айыппен 15 күн әкімшілік қамауға алынған Павлодар облысы мәслихатының депутаты Қайрат Әбішев "Нұр Отаннан" шығарылды. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлады.
Агенттіктің жазуынша, 26 мамырда "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп, Қайрат Әбішевті партиядан шығару туралы шешім қабылданған.
"Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" заңның 20-бап 3-тармағының 3-1 бөлігіне сәйкес, депутаттық өкілеті кезектен тыс тоқтатылады" деді баспасөз қызметі.
42 жастағы депутат, кәсіпкер Қайрат Әбішев 25 мамырда "полиция талабын орындамағаны үшін" 15 күн әкімшілік қамауға алынған. Сот бұған қоса, оны 8 жыл көлік айдау құқығынан айырған. Ақпаратқа қарағанда, полицейлер тоқтатқан кезде одан ішімдіктің иісі қатты сезіліп тұрған. Ішімдік ішкенін-ішпегенін анықтау үшін арнайы орталыққа жіберген кезде депутат бұл талапты орындамаған.
Сот кезінде ол өттегі тасты ерітетін спирт қосылған тұнба ішкенін айтып, тағылған айыптарды мойындамаған.
Қайрат Әбішев 2016 жылы наурыз айында Павлодар облысының 6 шақырылым депутаттарының құрамына кірген. Биыл да мәслихат құрамына өткен.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі