Қауіпті індеттің таралуы қайта толқын алғанда Түркия алғаш рет толықтай локдаун жариялады. Қатаң карантиндік шектеуден бұрын ел азаматтары базарлар мен дүгендерден азық-түлігімен, керек-жарақтарын толықтады. Түрік билігі болса бейсенбінің (29 сәуір) кешінде лакдаун басталатынын ескертті.
Түркия үкіметі індеттің таралуын бақылауда ұстап тұрғанын айтып келеді. Дегенмен, соңғы бірнеше аптадағы індеттің өршуі ел азаматтарын да, ДДСҰ-ны да алаңдатты. Күн сайын 60 мыңнан астам адамнан вирус анықталып, әр күні 300-ден астам адам көз жұмып жатты.
Билік сыншылары Түркия экономикалық мүдделерді қанағаттандыру үшін елдегі азаматтарды жаппай емдеуден өткізіп үлгермей жатып шектеу шараларын тым ерте алып тастады деп санайды. Наурызда карантиндік шектеулер алына салысымен елдегі індеттің таралуы қарқын алған.
Қазірге дейін Түркияда шамамен 39 мың адам індеттен көз жұмды. Бірақ, елдегі денсаулық саласының біршама кемелділігінен ауырғандар санына қарағанда қаза болғандар көрсеткіші салыстырмалы төмен.
Елде қазір қытайлық sinavac пен Pfizer-Biontech вакциналары қолданылуда.