АҚШ Сенаты Қытайға қатысты қатаң саясат ұстану заң жобасын ұсынды.
Осы аптада Нью-Джерсидегі демократиялық сенатор Роберт Менендес Уашингтон Бейжіңнің саясатын объективті бағалап, өз стратегиясын соған сәйкес құруы керек деді. Екі ел арасындағы стратегиялық бәсекелестік туралы актті екі партияның өкілдері бірлесе жасаған.
Құжатта Мемлекеттік департамент басшысына жыл сайын «Зияткерлік меншікке зиян келтіріп», сол арқылы Американың тұтастығына қауіп төндірген Қытай мемлекеттік кәсіпорындарының тізімі жарияланады. Сонымен қатар, аталған құжатта Америка мен Тайуан байланысын нығайту да жазылған.
АҚШ-тың Қытайға ұстанған саясатының өзгеруіне Шыңжаңдағы «геноцид» негізгі себеп. АҚШ Сенанты ұсынған құжатта осы мәселеге баса назар аударылады. Америка 2020 жылдың маусымында Шыңжаңдағы азшылық ұлттарға қысым көрсетіп отырған Қытайға санкциялар енгізді. Оған жауап ретінде ҚХР бірқатар америкалық шенеуніктерді қара тізімге қосты.
Бұған дейін Шыңжаңдағы жағдайға байланысты Еуроодақ Қытайға санкция енгізді. 2018 жылдың тамызында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссар басқармасының өкілдері Шыңжаңдағы түзету лагерлерінде 1 млн-ға жуық мұсылманжардың заңсыз ұсталғанын және адам құқықтарының тапталғанын мәлімдеді. Басқарма бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, осы аймаққа бақылаушылар жіберуді ұсынды.
БҰҰ мен халықаралық зерттеушілер Қытай Шыңжаң өлкесінде миллионнан аса ұйғыр, қазақ, қырғыз және басқа да мұсылмандарды лагерьге қамады деп мәлімдеген. Құқық қорғаушылар жүздеген мың адамның діни рәсім жасағаны үшін немесе шетелдегі таныстарымен байланыс орнатқаны үшін негізсіз түрмеге қамалғанын айтқан. Бейжің бұл әрекетін «терроризммен күрес», ал лагерьлерді «кәсіп меңгеру орны» деп атаған.