АҚШ- тың Қорғаныс министрлігі осы ел әскерилерінің Ауғанстан соғысында 2016 жылдың соңына дейінгі әскер шығынының санын 2247 адам деп мәлімдеді. Бұл туралы "Фарс" баспасөзінде жазылды.
2001 жылы Америка Ауғанстанда әскерін орналастырғаннан бері шамамен 20200 америкалық әскер жараланған. Қазіргі кезде Ауғанстанда 9800 америкалық әскери бар. Алайда олардың саны 8400 адамға қысқартылады. Америкалық күштер мен НАТО, сондай-ақ лаңкестік топтар Ауғанстанда қазаға ұшыраған әскери және әскери емес адамдардың санын ешқашан жария етпей отырғанда Пентагон қаза болған америкалық әскерилердің санын мәлімдеді.
Еуропа Одағы полициясының Ауғанстандағы миссиясы 2007 жылы басталып, он жылдан кейін 2016 жылдың соңында аяқталды. Осы күнге дейін осы ұйымдардың нақтылы қаншалықты адам шығынына ұшырағаны анық көрсетілмей келеді.
“The Qazaq Times”